Елде ынтымағы ортақ мұраттар мен құндылықтармен жарасқан жүзден астам этнос өкілдері тұрады.
ERNUR.KZ. Бүгін Қарулы күштердің әскери қызметшілері бүкіл елмен бірге Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде, деп жазады inform.kz.
«Армияның рухы мен күші – бірлік пен ынтымақта», - делінген министрліктің баспасө қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметтерінде статистикаға сәйкес, армия құрамының жиырма пайызы өзге ұлт өкілдері екені айтылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасқанын атап өтті. Елде ынтымағы ортақ мұраттар мен құндылықтармен жарасқан жүзден астам этнос өкілдері тұрады.
– Көк төлқұжат пен көк ту – бұл біркелкіліктің нақты нышандары, – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.
Түрлі себептермен әр уақытта Қазақстанға жүздеген мың өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанғаны тарихтан белгілі. Мұндағы онсызда мұқтаж жұрт ештемеге қарамастан 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған және күштеп жер аударылғандарға қалай көмек қолын созғаны жайлы да көп айтылады.
Сондықтан Қазақстанда мәдениеттер, дәстүрлер мен конфессиялардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін бірегей әлеуметтік-демографиялық портрет қалыптасты.
Қарулы күштер қатарында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлар, ұйғырлар мен өзбектер, немістер мен кәрістер, беларусьтар мен қырғыздар, грузиндер мен башқұрттар қызмет етеді.
Қазақстан әскері – жауынгердің жеке басын жауынгерлік даярлық деңгейі, кәсіби шеберлігі, жауынгерлік тапсырманы жауапты орындауы және нәтижесі бойынша бағалайтын үлкен ұйымшыл команда.
Қоғамда да, әскерде де бірлік пен келісім – біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетіне байланысты негізгі басымдықтар.