Қазақстан Ауғанстаннан 15 қырғызстандықты эвакуациялауға көмектесті

0
721

Министр Руслан Қазақбаев еліміздің сыртқы істер министрлігіне алғыс айтты.


Қазақстан Ауғанстаннан 15 қырғызстандықты эвакуациялауға көмектесті

ERNUR.KZ. Қазақстан Ауғанстаннан 15 қырғызстандықты эвакуациялауға көмектесті. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қырғыз әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

"Министр Руслан Қазақбаев Қазақстан Республикасының басшылығына және сыртқы істер министрлігіне Қырғыз Республикасының азаматтарын Кабулдан 15 адамды эвакуациялауға көмектескені үшін, сондай - ақ Қырғызстанның Ауғанстандағы елшілігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Бұл елдер арасындағы бауырластық, одақтастық және тату көршілік қарым-қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Тілеуберді қазақстандық тараптың Қырғыз Республикасының азаматтары мен Ауғанстандағы қырғыз дипломатиялық өкілдігіне қатысты мәселелерде одан әрі жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын атап өтті.

Тараптар Ауғанстандағы жағдай бойынша одан арғы іс-қимылдарды өздерінің шет елдердегі мекемелері мен сыртқы саяси ведомстволары желісі бойынша, оның ішінде ҰҚШҰ шеңберіндегі әріптес елдермен және басқа да өңірлік ұйымдармен ахуал шиеленіскен жағдайда жедел ден қою және өзекті мәселелерді шешу мақсатында үйлестіруді жүзеге асыруға уағдаласты.

Кездесу барысында, қырғыз-қазақ қатынастарының күн тәртібіндегі, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда, Нұр-Сұлтандағы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің алдағы кездесуіне дайындық барысы талқыланды.