Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

0
667


Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

Алматыға Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы мінген ұшақ сәтті қонды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 18 тамызда, бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, осы бортпен қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы эвакуацияланған. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылған.