Қазақстан азаматтары Грузия тауларында қар құрсауында қалды

0
1 197

Тау шатқалынан өте алмай отырғандарына бір апта уақыт өткен


Қазақстан азаматтары Грузия тауларында қар құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Қазақстан, Ресей, Армения және Әзербайжан азаматтары Грузия тауларында қар құрсауында қалды, деп жазады 24.kz.

Ақ ұлпа басқан тау шатқалынан өте алмай отырғандарына бір апта уақыт өтіпті. Грузия көлік департаментінің өкілдері тез арада жолды тазалауға бар күшін салатынына сендірді. Қалың жауған қардың кесірінен «Казбеги» бақылау-өткізу бекетіне баратын жол бір апта бойы жабық тұр.

Грузия билік өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресеймен шекаралық аймақтағы жолды тазалауға арнайы техника жұмылдырылған. Алайда ауа райының қолайсыздығы және қар көшу қауіпі жұмыстарға кедергі келтіріп отыр. Алматылық Евгений Лунёв жүздеген өзге көлік жүргізушімен бірге бірнеше күн бойы орнынан қозғалмаған. Жолдың қашан ашылатыны да әлі белгісіз.

Евгений Лунёв, көлік жүргізуші /Қазақстан/: - Жүгімді уайымдап отырмын. Айналамызда бәрі ылғал. Судың аты су ғой, бір кішкентай тесік тапса, тауарым бұзылып кетуі мүмкін. Бос тұрғанымыз ренішті. Тауар тасымалдауға жағдай болғанын қалаймыз, ал қазір жүргеннен гөрі көп уақыт бос тұруға тура келіп тұр. Жүздеген жүргізуші әбден қажып кетті. Көбісінің көлігіне тез бұзылатын тауар тиелген. Тіпті айналасындағы әсем таулар да көңілін көтермесі анық. «Әсіресе дүкен мен әжетхананың жоқтығынан қиналып кеттік», – дейді жүргізушілер.

Сергей Чуйко, көлік жүргізуші /Қазақстан/: "Грузия аумағына кіргенде, 200 лариге транзит картасын сатып аламыз, бірақ бұл қаржыға сай ешбір жағдай жасалған жоқ. Қажетті температураны ұстап тұруға жанармайымыз кетіп, таусылайын деп тұр. Ешкімнен көмек жоқ, жанармайды да әкелмейді. Бүгін өткізбесе, ертең қалай жүретініміз белгісіз."

Туристер де қатты қиналып қалды. Жолдың ашылуын ұзақ күткен олар жақын маңдағы мейманханаларға орналасты. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Алдағы бірнеше күнде аймақта тағы қар жауатын түрі бар.