Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады

0
725

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ресми сапармен жүр.


Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ресми сапармен жүр.

Бүгін Президент Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді, және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Осы жолғы сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Құжаттардың арасында Қазақстан мен Вьетнам Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бар.