Қазақстан азаматтарының микроқаржы ұйымдарына 4,5 млн теңге заңсыз берешегі есептен шығарылды

0
869

Олардың қорытындысы бойынша 9 микроқаражы ұйымы бойынша жазбаша нұсқамалар түрінде шектеулі ықпал ету іс-шаралары қолданылды.


Қазақстан азаматтарының микроқаржы ұйымдарына 4,5 млн теңге заңсыз берешегі есептен шығарылды

ERNUR.KZ. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахмановтың жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«2022 жылдан бастап агенттікке жеке тұлғалардың 132 жолданымын және ішкі істер органдарының 26 ұсынымын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың жалған микрокредиттерді ресімдеуі мәселелері бойынша 158 жолданым келіп түсті», - деп атап өтеді ол жауабында.

Оның атап өтуінше, агенттік барлық жолданым бойынша құжаттамалық тексерулер тағайындады. Олардың қорытындысы бойынша 9 микроқаражы ұйымы бойынша жазбаша нұсқамалар түрінде шектеулі ықпал ету іс-шаралары қолданылды.

«Микроқаржы ұйымдары 46 микрокредит бойынша 4,5 млн теңге сомаға заңсыз берешекті есептен шығарды, сондай-ақ кредиттік тарихқа түзету жүргізілді. 23 микрокредит бойынша тергеу аяқталғанға дейін және клиенттің микрокредит алмау фактісін растайтын сот шешімін алғанға дейін сыйақы есептеу және шағым-талап жұмыстарын жүргізу тоқтатылды», - деді Нұрлан Әбдірахманов.