Қазір елімізде екі уақыт белдеуі қолданылады.
ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Өздеріңізге белгілі, қаулы қабылданды, 1 наурыздан бастап бәріміз бір уақыт белдеуінде боламыз. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының мәлімдемелеріне және ұстанымдарына келсек, өткен аптада барлық ауданда жиналыстар өткіздік. Өзінің пікірін білдірген барлық ауыл тұрғындарымен кездестік. Қолында дәлелді базасы бар ғалымдар тобы да болды. Олар бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің қажеттігі туралы қарапайым тілмен түсіндіріп берді", - деді Арман Шаққалиев тілшілердің сауалына берген жауабында.
Министрдің дерегінше, аймақ тұрғындарының басым бөлігі уақытты ауыстыру қажеттілігіне көнген.
Айта кету керек, осыған дейін еліміз 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшетінін жазған болатынбыз.