Ораза айт – барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам. Мейрам қатарынан үш күн аталып өтеді. Бұл күндері қазақстандықтар демалмайды.
Биыл Ораза айттың бірінші күні 21 сәуірге түсіп тұр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ораза айт – барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам. Мейрам қатарынан үш күн аталып өтеді. Бұл күндері қазақстандықтар демалмайды.
Айттың алғашқы күні мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылады. Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл – оразаның аяқталғанының белгісі.
Ораза айт күні ауыз бекітуге бола ма
Хадистерде: "Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын" деп айтылған.
Сондықтан Ораза айттың бірінші күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауыз ашық болады.
Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күні, яғни 22 сәуірден бастап ұстай беруге рұқсат етіледі.