«ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар Елтаңбалар 2022 жылға дейін ғана жарамды

0
3 559

Елтаңбаның төменгі жағындағы «ҚАЗАҚСТАН» жазуы 2018 жылғы 1 қарашадан бастап «QAZAQSTAN» деген латын қарпіндегегі нұсқаға ауысты.


«ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар Елтаңбалар 2022 жылға дейін ғана жарамды

ERNUR.KZ. Бұдан былай ұлттық рәміздегі «Қазақстан» жазуы латынша таңбаланады. Қазір арнайы зауыттар жаңартылған нұсқаны дайындап жатыр. Жұмыс қызу. Тапсырыс та еселеп өскен. Алайда, қолданыстағы Елтаңбаны пайдалануға әзірше шектеу жоқ, деп жазады altaynews.

Елбасының 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы негізінде «Рәміздер туралы» Заңға еңгізілген өзгеріске сәйкес Техникалық реттеу және метрология комитеті Елтаңбаның стандартына өзгеріс енгізді.

"Елтаңбаның төменгі жағындағы «ҚАЗАҚСТАН» жазуы 2018 жылғы 1 қарашадан бастап «QAZAQSTAN» деген латын қарпіндегегі нұсқаға ауысты. Елтаңба жаңа үлгіде «QAZAQSTAN» жазумен шығатын болды" – дейді Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің бас маманы Бақытжан Сейітов.

Осыған орай 989-2014 стандартына сәйкес бұрынғы үлгідегі «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар Елтаңбалар 2022 жылға дейін пайдалануға жарамды екенін хабарлаймыз.