Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО-ға жарты миллиард теңге жұмсайды

0
1 204

6 тамыз күні «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы тендерге өтініш қабылдауды бастады.


Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО-ға жарты миллиард теңге жұмсайды
Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО-2020 ұлттық көрмесін безендіруге жарты миллиард теңге жұмсамақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
6 тамыз күні «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы тендерге өтініш қабылдауды бастады. Техникалық және сервистік қызметтер үшін жалпы соммасы 487 млн теңге қарастырылуда.
Алайда, жеңімпаз анықталғанда оның құны төмендейтіндігін алға тартты мамандар. Бөлінген ақшаның жартысы техникалық жабдық пен сервисті қызметтерге жұмсалады. Кіре беріс, «Пре-шоу» аймағы мен «Ұлы дала» аймағына да қызметтер көрсетілмек.