Елімізде 6 млн 650 мыңнан астам жұмыскер еңбек етуде.
ERNUR.KZ. Елімізде 324 мың жұмыс істеп тұрған кәсіпорында 6 млн 650 мыңнан астам жұмыскер еңбек етуде. Олардың жалақысы былтырғы жылмен салыстырғанда орташа есеппен 6,9% өсіп отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша еңбек нарығы тиімділігі рейтингісінде Қазақстан 30-шы орыннан 25-ші орынға көтерілді. Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімдерін табуда. Мәселен, еңбекақының уақтылы төлену мәселесіне келсек, бүгінгі күні жұмыс берушілердің айлық төлеу бойынша жалпы берешегі 724 миллион теңгені құрап отыр, ол жыл басынан 49 %-ға немесе 696 миллион теңгеге азайды»,- деді Нұрымбетов Үкімет отырысында.
Оның ішінде, өңірлер бойынша ең үлкен берешек Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына тиесілі.