Румыния астанасы Бухарестте өткен турнирде ел намысын 21 балуан қорғады.
ERNUR.KZ. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы халықаралық Ion Cornianu & Ladislau Simon турнирінде командалық есепте көш бастады, деп жазады vesti.kz.
Румыния астанасы Бухарестте өткен турнирде ел намысын 21 балуан қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Әділет Давлумбаев (92) алтыннан алқа тақты.
Ал күмісті Абзал Өкенов (57), Жігер Закиров (79) пен Юсуп Батырмурзаев (125) жеңіп алды.