​Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 52-орында

0
1 740

Әйелдердің саяси мүмкіншіліктерін жүргізуге, экономикалық жағдайына, кәсіпкерлікті қолдау, медицина, денсаулық сақтау, әлеуметтік жағдайы, білім жағынан болсын, әйелдерге көп қолдау көрсетіледі.


​Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 52-орында

ERNUR.KZ. Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 144 елдің арасында 52-орында тұр, ал әйелдердің жұмыс істеу көрсеткіші бойынша 30 озық мемлекеттің қатарында, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы әйелдер жағдайы жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 63-сессиясында айтылды. Форумға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева басқаратын Қазақстан делегациясы қатысты. Ол мұнда еліміздегі гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер құқықтарын кеңейту шаралары жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Қазақстан әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою жөнінде БҰҰ Конвенциясын ратификациялап, Бейжің декларациясы мен Тұрақты даму мақсаттарын бекіткен. Сессия аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменістан мен Өзбекстан үкіметтері «БҰҰ-Әйелдер» Құрылымының аймақтық кеңсесімен бірлесіп алғаш рет «Ешкім ұмытылмауы тиіс: Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік қорғау» атты сайд-ивент ұйымдастырған.

Назгүл Сағымбекова, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының жетекшісі:

– Қазіргі таңда әйелдерге Қазақстанда барлық тараптан жағдай жасалып отыр. Әйелдердің саяси мүмкіншіліктерін жүргізуге, экономикалық жағдайына, кәсіпкерлікті қолдау, медицина, денсаулық сақтау, әлеуметтік жағдайы, білім жағынан болсын, әйелдерге көп қолдау көрсетіледі.