Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев елімізде инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қазақстан тұтыну бағасының өсуі бойынша ЕАЭО елдерінен алда тұр, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша қараша айында қазанмен салыстырғанда Қазақстанда бұл көрсеткіш +1,4%-ды құрады. Одан кейінгі орындарда Қырғызстан (+1,3%), Армения (+1,1%), Ресей (+0,4%). Беларуссия (1,1%) тұр.
Бір жыл ішінде Қазақстандағы инфляция 19,6%-ға жетті, бұл Қырғызстандағы көрсеткіштен 4,6%-ға жоғары. Беларуссияда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы мен тарифтері 13,3% – ға, Ресейде – 12%-ға, Арменияда 8,8%-ға өскен.
Өнім бөлінісінде Қазақстанда тұрмыстық заттар ең көп қымбаттады – 27,9%-ға.
Сондай-ақ, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтерінің бағасы – 23,3%-ға (басқа елдерде – 20%-дан төмен), азық-түлік пен алкогольсіз сусындар құны – 24,4%-ға (басқа елдерде – 20%-дан төмен) өсті.
Айта кетерлігі, Қазақстанда көлік басқа елдерге қарағанда 6,7%-ға арзандады.
Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев елімізде инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеді.