Қазақстан интернет жылдамдығы рейтингінде 80-орынға көтерілді

0
648

Жалпы жаһан рейтингінде БАӘ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытай көш басында.


Қазақстан интернет жылдамдығы рейтингінде 80-орынға көтерілді

ERNUR.KZ. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан 80-орында. Былтыр 101-орында болған еді, деп жазады inbusiness.kz

Finрrom.kz ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері елдегі интернет жылдамдығы 19,52-ден 31,74 Мбит/с-қа дейін (62,6%) өскен. Біздің көрші Қырғызстан – 103, Өзбекстан – 120, Тәжікстан 129-орынға тұрақтаған.

Жалпы жаһан рейтингінде БАӘ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытай көш басында.

Ресми мәлімет көзінде Қазақстан мобильді интернеттің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін "маңызды іс-шаралар атқарып жатқаны" жазылады. Биылғы тоғыз айда байланыс секторына бағытталған инвестицияларды 17,8% (88,8 млрд теңге) ұлғайтқан. Кейінгі бес жылда күрделі салымдар сомасы жыл сайын орта есеппен 19% пайыздан өсіп келеді. Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында 5G интернетін енгізу жүргізіліп жатыр.

Үлкен деректерді талдау (Big Data) және "заттар интернеті" (IoT) де 2019 жылдан бері сынақтан өткізіле бастады.

Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысына сәйкес, елде 24,2 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бұл былтырғыдан 1,2% көп. Абоненттер саны Kcell-де өскені байқалады (жылына 2,1%, 8 млн-ға дейін). Одан кейін Beeline абоненттерінің саны 9,6 млн-ға (2,07%), Tele2/Altel абоненттерінің саны 6,5 млн-ға жеткен. 2019-2025 жылдар аралығында мобильді интернетті пайдаланушылар саны 54% артады, ол кезде 3G-сервистер жалпы нарықтың тек 28%-ын құрайды деген болжам бар.

"Сонда 5G жаңа желілерін қолданушылар 12%-ға жетеді", дейді болжаушылар.