Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары тағайындалды

0
460

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы дүниеге келген.


Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы дүниеге келген.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

1988-1992 жылдар аралығында Қызылорда қаласының Медициналық мекемелерінде дәрігер-хирург болып еңбек етті;

1992-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет жасады;

2011-2013 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2013-2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;

2014-2016 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі;

2016-2018 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы;

2018-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды.