​«Қазақстан халқына»: Депутаттар бір күндік жалақысын аударды

0
584

Өз кезегінде Сенат пен Мәжіліс депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдайтынын білдірді.


​«Қазақстан халқына»: Депутаттар бір күндік жалақысын аударды

Парламент депутаттары «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Сенат пен Мәжіліс баспасөз қызметі хабарлады.

Өз кезегінде Сенат пен Мәжіліс депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдайтынын білдірді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде тапсырған болатын. Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысатын болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, қорда жиналған қаражат сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қала, аудан, кент, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады, - делінген хабарламада.