Қырғыз көкпаршылары күміс жүлдегер атанды.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында төрт күн бойы Астананың «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеген көкпар ойындары бүгін мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.
Қырғыз көкпаршылары күміс жүлдегер атанды.
Төрешілердің араласуымен 10 минутқа созылған дау-дамай оң шешімін тауып, ойын қайта жалғасты.
Екінші кезеңде қазақстандық шабандоздар жігерлене шабуылға көшіп, есепті еселеді. Сөйтіп 4:3 есебімен алға шықты.
Алайда, ойынның соңғы секундтарында қырғызстандық көкпаршылар тағы бір салым салып, ойынды теңестіріп, негізгі уақыт 4:4 есебімен тең нәтижемен аяқталды.
Айта кетейік, кеше қазақстандық көкпаршылар Ресейді 18:2 есебімен жеңіп, финалға өткен.
Көкпар ойындарына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия сынды 9 мемлекеттің спортшылары бақ сынады.