Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады

0
384

Шабандоздар ат үстінде өнер көрсетті және басқа да көріністер қойды.


Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалаған.

Шабандоздар ат үстінде өнер көрсетті және басқа да көріністер қойды.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.