Қазақстан Қырғызстанға екі мың тонна дизель отынын жіберді

0
785

Бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бөлінген.


Қазақстан Қырғызстанға екі мың тонна дизель отынын жіберді

ERNUR.KZ. Қазақстан Қырғызстанға екі мың тонна дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді, деп жазады stan.kz.

KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің мәліметінше, бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бөлінген.

Бұған дейін Бішкек ЖЭО-да 2 ақпанға қараған түні апат орын алып, жылу, ыстық су мәселелері туындады. Қазақстан жеткізген дизель отыны көлік, ауыл шаруашылығы және медициналық мекемелерді қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.

“Бұл гуманитарлық көмек Қазақстанның көрші елдермен әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі тұрақты күш — жігерінің және бүкіл өңірді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға одан әрі жәрдемдесудің бір бөлігі”, - делінген KazAID хабарламасында.

28 ақпанда ҚР ТЖМ" Резерв "РМК" Заря " филиалынан 1000 тонна дизель отынының бірінші партиясын 17 вагон-цистернамен Қырғызстанға жөнелтілді.