Қазақстан-қытай шекарасында өткізу пунктері мереке күндері жұмыс істемейді

0
635

Қазақстандықтар мамырда үш мерекені тойлайды: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні.


Қазақстан-қытай шекарасында өткізу пунктері мереке күндері жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. Қазақстан -Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» автокөлік өткізу пунктері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автокөлік («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады», делінген ҰҚК хабарламасында.

Аталған өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдары қозғалыс бағыттары алдын ала хабарланады.

Айта кетейік, қазақстандықтар мамырда үш мерекені тойлайды. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-3 мамыр аралығында демалады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 мамырға ауысады. Осылайша мамырда 13 күн демалыс болады.