Қазақстан Қытайға наразылық білдірді

0
1 110

ҚР-дың Пекиндегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.


Қазақстан Қытайға наразылық білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министірлігінде Қытай елшісімен кездесу өтті, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді, - делінген таратылған ақпаратта.
Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікрухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.
Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.