Қазақстан мектептерінде қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі 123

0
860

Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.


Қазақстан мектептерінде қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі 123

ERNUR.KZ. Мектептерде кейбір сыныптардың қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі, деп жазады tengrinews.kz.

Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.

"2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша емтихан енгізіледі", - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрықта бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Үкімет қаулысын орындау үшін енгізілгені айтылған.