Қазақстан мектептерінде жаңа оқулық енгізілуі мүмкін

0
1 458

Жаңа оқулық "Қоғам және дін" деп аталады


Қазақстан мектептерінде жаңа оқулық енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Келесі жылы орта мектептердегі "Дінтану негіздері" оқулығы "Қоғам және дін" деп аталатын жаңа оқулықпен алмастырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитеті мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов мәлімдеді, деп жазады

Әбуовтің айтуынша, орта мектептерге арналған "Қоғам және дін" оқулығы әзірленіп, білім және ғылым министрлігінің талқысына ұсынылған.

"Оқулық бірнеше сараптамалық кеңестен өтті. Қазір министрдің алдында жатыр. Егер министрлік мұны тезірек қабылдаса, онда келесі жылы "Дінтану негіздерінің" орнына "Қоғам және дін" оқулығы енгізілуі тиіс", — деді ол Қазақстан дінтанушыларының VIII форумында.

Ол дінтану пәні бойынша оқу бағдарламасын жаңарту қажеттілігі Қазақстандағы қазіргі жағдаймен байланысты.

"Бүгінгі таңда еліміздегі ахуал он жыл бұрынғы жағдаймен салыстыруға келмейді. Дінтану – бұл математика емес. Әртүрлі жағдайлар мен сын-қатерлерге байланысты тақырыптар да өзгеріп тұрады. Оқушыларға діннің қоғамдағы рөлін айқын әрі анық түсіндіру керек", — деді сарапшы.