Қазақстан мен Иран $60 млн сомадағы экспорттық келісімшарттарға қол қойды

0
1 043

Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.


Қазақстан мен Иран $60 млн сомадағы экспорттық келісімшарттарға қол қойды

ERNUR.KZ. Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстаннан Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 млн-ды құрады. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары.

Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.

Ирандық компаниялар қазақстандық фосфатты тыңайтқыштар, ферроқорытпалар және азық-түлік өнімдерін өндірушілерге жоғары қызығушылық танытты. Өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.