Қазақстан мен Ресей арасында автобус қайта қатынайды

0
633

​​22 сәуірден бастап Омбыдан Павлодар, Көкшетау, Петропавл және кері бағытта автобус рейсі қайта жанданды.


Қазақстан мен Ресей арасында автобус қайта қатынайды

ERNUR.KZ. Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін жол қатынасы пандемияға байланысты үзілген, деп жазады Zakon.kz.

«Омскоблавтотранс» АҚ Қазақстан Республикасына халықаралық бағыттарға қызмет көрсетуді қалпына келтіреді. Рейстер күнделікті орындалады.Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметі

Омбыдан Павлодарға дейін жол жүру құны 1400 рубль немесе 7733 теңге. Омбыдан Көкшетауға дейін жол жүру құны 953 рубль немесе 5264 теңге. Омбыдан Петропавлға дейін жол жүру құны 550 рубль немесе 3038 теңге.

Қазақстанға кіру үшін шекарадан өткен кезде 72 сағаттан кешіктірмей берілген коронавирусқа теріс нәтижесі бар анықтама ұсыну қажет.

Ресейдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы келетін азаматтарға коронавирустық тестілеуден өтіп, тиісті сауалнама толтырудың қажеті жоқ.