​Қазақстан мен Ресей арасындағы киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

0
1 042

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі мәселелерін, сондай-ақ киберқауіпсіздік аясындағы өзара іс-қимылдың болашақ бағыттарын талқылады.


​Қазақстан мен Ресей арасындағы киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

ERNUR.KZ. Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі мәселелері талқыланды, деп жазады BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында университет бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Ресей Федерациясы Федералдық Жиналыс Федерация Кеңесінің халықаралық істері, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитеттердің төрағалары Константин Косачев және Виктор Бондаревпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі мәселелерін, сондай-ақ киберқауіпсіздік аясындағы өзара іс-қимылдың болашақ бағыттарын талқылады. Одан басқа, сапар аясында шетелдік қонақтар тыңдаушыларға дәріс оқыды және Сириядағы халықаралық терроризммен күресуде Ресей Қарулы Күштерінің қол жеткізген нәтижелері мен тәжірибесі туралы құлағдар етті.