Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша 71-орында

0
845

Елдің индексі – 5,275. Бұл индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі құқықты қорғау деңгейі де соғұрлым жоғары.


Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша 71-орында

ERNUR.KZ. Меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 129 елдің ішінде 71-орынға ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

Рейтинг меншік құқығының негізгі институттарын – құқықтық және саяси орта, физикалық меншік құқығы және зияткерлік меншік құқығын бағалайды.

Еліміздегі құқықтық және саяси ортаның субиндексі 3,833-ке дейін төмендеген. Соның ішінде сот жүйесінің тәуелсіздігі – 4,673, құқық үстемдігі – 4,091, саяси тұрақтылық – 3,121, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 3,445-ті құраған.

Бұдан бөлек физикалық меншік құқығы бойынша субиндекс 6,39-ға дейін азайған. Бірнеше топқа бөліп қарастыратын болсақ, меншік құқығын қорғауды қабылдау бойынша субиндекс – 5,608, меншікті тіркеу бойынша – 8,552, несиеге қол жеткізу жеңілдігі бойынша – 4,871.

Зияткерлік меншік құқықтары бойынша елдің субиндексі 4,774-ке дейін ұлғайған. Зияткерлік меншікті қорғауды қабылдау бойынша субиндекс – 5,213, патенттерді қорғау бойынша – 5,783, авторлық құқықтарды қорғау бойынша – 2,6, тауар белгілерін қорғау бойынша – 5,859.

ТМД елдерінің ішінде меншік құқығы елімізбен салыстырғанда Әзірбайжан мен Арменияда жақсы қорғалған. Ал, Ресей, Молдова және Украинадағы көрсеткіштер Қазақстанмен салыстырғанда едәуір төмен.

Әлем бойынша азаматтардың меншік құқығы Швейцария, Сингапур және Жаңа Зеландияда жақсы қорғалған. Ең нашар көрсеткіш Гаити елінде екен.
Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша елде құқық және бухгалтерлік есеп саласында 27,7 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артық. Нақты көлем индексі – 104%.

Қызметтің барлық көлемінің негізгі бөлігі (73,7%) Алматы қаласында көрсетілген. Мұнда жыл басынан бері 20,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 13,4%-ға артық.

Көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан қаласы (4,1 млрд тг) мен Қарағанды облысы (541,6 млн тг) кірді. Құқық және бухгалтерлік есеп саласында ең аз қызмет Түркістан облысында (7,5 млн тг) көрсетілген.

Құқық саласында 8,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Адвокаттық қызмет бойынша – 1,5 млрд теңгегеге, нотариалдық қызмет бойынша – 35,7 млн теңгеге көрсетілді.