Қазақстан Моңғолияда уран өндіруі мүмкін

0
216

Компания бұл әріптестік Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық аренадағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал ететініне сенімді.


Қазақстан Моңғолияда уран өндіруі мүмкін

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ және "Мон-Атом" ЖШҚ моңғол компаниясы екі ел бірлесе отырып, уранды барлау мен өндіруге мүмкіндіктер ашатын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан-уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы - өз мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған және "Мон-Атом" компаниясымен әріптестік осы бағыттағы маңызды қадамға айналуда. Жаңа ынтымақтастық Моңғолия аумағында уранды барлау және өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін перспективалар ашады, бұл екі тарапқа да уран саласындағы өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді", – делінген "Қазатомөнеркәсіп" сайтындағы хабарламада.