Қазақстан нарығына жаңа такси қызметі кіруі мүмкін

0
285

Жаңа компания нарыққа кірсе, осы бәсекелестік елімізде такси тарифін төмендетуге ықпал тетеді.


Қазақстан нарығына жаңа такси қызметі кіруі мүмкін

ERNUR.KZ. Эстониялық Bolt компаниясы такси саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазады inform.kz.

«Басқа да халықаралық агрегаторлар да біздің нарыққа кіруді пысықтап жатыр. Мәселен, Bolt компаниясынан ұсыныс болды. Бұл эстониялық компания Еуропадағы өте танымал. Олар бізге хабарласып, еліміздің нарығын қарастырып отыр. Егер осы компания бұл қызметті іске қосу туралы шешім қабылдаса, біз оларды қолдаймыз», - деді М. Қарабаев.

Оның пайымынша, жаңа компания нарыққа кірсе, осы бәсекелестік елімізде такси тарифін төмендетуге ықпал тетеді.

Айта кетейік, бұған дейін рулі оң жақтағы такси көліктеріне қатысты шектеу енгізілетінін жазғанбыз.