«Ата-анаңа айтпа» немесе Алаяқтар сіздің балаңызды қалай алдауы мүмкін?

0
619

Балалары арқылы қаржылық алаяқтар ата-аналарының ақшасына қол жеткізуге тырысады. Олар әртүрлі қақпан құратын оқиғалар ойлап тауып, баланы сол жерге алдап тартуға тырысады.


«Ата-анаңа айтпа» немесе Алаяқтар сіздің балаңызды қалай алдауы мүмкін?

иллюстрациялық фото

Fingramota.kz оларды толығырақ қарастырып, ересектерге қауіптерді азайту және балаларын қаскүнемдерден қорғау туралы кеңестер береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онлайн-қақпандар «Касперский зертханасы» жас пайдаланушылардың онлайн режиміндегі мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу үшін әртүрлі елдерден болатын балалары бар 500 отбасына сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша әрбір бесінші бала желіде бейтаныс ересектерден дос болуға шақыру алады. 13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер киберқауіптерге әсіресе осал, себебі бұл жаста олар интернетте ең белсенді және ата-аналардың бақылауы әлсірейді. Бұл ретте егер бала интернет-алаяқтық жағдайларына тап болса, онда ата-аналар олардың жартысы туралы ғана білетіні сауалнамадан белгілі болды.
Бүгінгі таңда көптеген ересектер балаларына интернетке еркін қол жетімділікті ұсынады, онда олар өздерін сенімді сезінеді және әрқашан туындауы мүмкін қауіпті түсінбейді.
1. «Бақыт хаттары» Бала электронды пошта арқылы, әлеуметтік желілерде, SMS немесе мессенджер арқылы ақшалай сыйлық ұтқаны, Мальдив аралына ата-анасымен бірге жолдама ұтқаны, оны ақшаға айырбастауға болатындығы немесе Африкадағы бай ағасының мұрагері болғандығы туралы хабарлама алуы мүмкін. Өз келісімін растау үшін ол сілтеме бойынша өтіп, тіркелуі тиіс. Сауалнамада өзіңіздің жеке деректеріңізді, оның ішінде кез келген қолда бар төлем картасының нөмірін, оның қолданыс мерзімін және артқы жағындағы үш таңбалы кодты көрсету талап етіледі. «Бақыт хаттары» авторына бұл ақпарат сізге ақша жіберу үшін қажет-мыс.
Егер сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз қаскүнемдерге дербес және төлем деректерін берсе, алаяқтар оларды пайдакүнемдік мақсатта қолдануы мүмкін және нәтижесінде ересектердің ақшасына қол жеткізе алады.
2. Адамдарға көмек Әлеуметтік желіде сіздің балаңыздың танысының парақшасында қайғылы хабарлама пайда болады, онда ол оған қолдау көрсетуді және мүмкіндігінше банктік шотқа немесе электрондық әмиянға ақша жіберуді сұрайды. Немесе, мысалы сіздің балаңыздың сыныптасы балаңызға WhatsApp арқылы хабарласып, жақын адамының апатқа ұшырағанын немесе өзінің ауыр сырқатқа шалдыққанын айтып немесе жай ғана қарызға ақша сұрауы мүмкін, бірақ ол бұл туралы ешкімге айтпауды сұрайды.
Сондай-ақ, сіздің ұлыңызға немесе қызыңызға мүлдем бөтен адамдар жаза алады, олар онкологиялық дертке шалдыққан балалардың суреттерін салып, хабарлар тарату арқылы баланың аяушылық сезімін тудырып, сол арқылы қайырымдылық жасауға деген ниетін оятады. Оның алаяқ екенін не еместігін олардан құжаттардың толық пакетін сұрату арқылы ғана білуге болады, оны түсінуге ата-аналары көмектеседі.
3. Ғажайып қосымша Алаяқтар сіздің балаңыздың гаджетіне жылдам баюға немесе кез келген адамның орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін геймерге немесе сервиске арналған қосымшаның жарнамасы бар сілтеме жіберуілері мүмкін. Ең бастысы, бұл мобильді қосымша бірегей болып табылады және оны сілтеме арқылы тегін жүктеп алуға болады. Егер бала күмәнді бағдарламалық жасақтаманы жүктесе, өкінішке орай, бұл жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алатын, балаңыздың жүрген жерін қадағалайтын және телефондағы басқа қосымшаларды басқара алатын шпиондық бағдарлама екенін бірден түсінбейді. Сонымен қатар, балалардың барлығы дерлік өздерінің гаджеттерін пайдаланылмаған бағдарламалардан тазаламайды, бұл алаяқтар үшін өте қолайлы.
Кеңес: балаңызға алаяқтықтың фишинг сияқты түрі туралы айтып беріңіз. Бұл интернет-алаяқтар адамдардан балықшылар секілді құпия ақпаратты аулайтын алаяқтық түрі. Бұл үшін қаскөйлер пайдаланушылардың назарын аулайтын және оларды қызықтыра түсетін түрлі сылтаулар ойлап табады. Баланы шынайы өмірде қалай тәрбиелесеңіз, цифрлық кеңістікте де сондай тәрбие берген маңызды. Ол ненің жақсы, ненің жаман екенін, яғни неше түрлі адамдардың болатынын және алаяқтарға сенбеу керектігін түсінуге тиіс. Сондай-ақ, балаға аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, оқу орны,картаның деректері, пин-коды және барлық жеке аккаунттардың және электрондық поштаның құпиясөздері секілді мәліметтер құпия болып табылатынын және оларды әсіресе интернет кеңістігінде жариялауға болмайтынын айтып түсіндіріңіз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің барлығында сізді пікірлерде, фотосуреттерде және посттарда белгілеуге тыйым салуға болатын қауіпсіздік теңшеулері бар.
Балаңызға бейтаныс адамдардан келген күмәнді сілтемелер арқылы өтпеуін, интернеттегі ең жақын деген достарынан келіп түскен ақпаратты жай ғана оларға қоңырау соғу арқылы әрдайым қайта тексеріп отыруын, тексерілмеген дереккөздерден бейтаныс, лицензиясы жоқ қосымшаларды жүктемеуін ескертіңіз!
Телефон алаяқтарының айлалары
Алаяқтар негізінен жорамалдап қоңырау шалады. Олар тұтқаны ересек адам ба әлде бала ма, кім көтеретінін білмейді де, барлығын ойдан шығарады. Егер тұтқаны бала көтеретін болса, алаяқтар мысалға,туыстарының ЖКО-ға түскендігін және оларды ауруханаға алып келгендігін хабарлай алады. Бұл ретте қаскөйлер өздерін көп жағдайда құқық қорғау органдарының, жедел жәрдемнің немесе басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады, олар аса сендіргіш келеді және балаларға психологиялық қысым көрсете алады. Оларды бала және оның ата-аналары, тұрғылықты мекенжайы туралы ақпарат қызықтырады, олар баладан телефонға вирустық қосымшаны жүктеуін сұрауы немесе ата-анасының картасының деректерін немесе бар болса, баланың картасының деректерін айтып беруін сұрауы мүмкін.
Алаяқтар нақты бір адамдарға қатысты әрекет етуі мүмкін. Сіздің картаңызды иемдену мақсатында олар сіздің балаңызға шығып, оған қоңырау шалып, кез-келген ақпаратпен қорқытуы немесе, керісінше, кенеттен ұтысқа ие болғаны туралы жаңалықпен қуандыруы мүмкін. Әлеуметтік инженерлер кез-келген аңызды ойлап тауып, баланы қажетті ақпаратты айтуға мәжбүрлеу үшін бәрін жасайды.
Кеңес: балаларға өздеріне қоңырау шалған бейтаныс адамдарға өздері және жақындары туралы ақпаратты беруге болмайтынын айтыңыз. Заманауи технологиялардың көмегімен алаяқтар өздерін кез-келген адам ретінде таныстырып, кез-келген нөмірді ауыстыра алатынын түсіндіріңіз. Сондықтан, егер сіздің балаңыздың телефонының экранында таныс нөмір шықса, мысалы, досыңыздың немесе туысқаныңыздың, бірақ қоңырау шалушының дауысы нашар естілсе немесе ол бейтаныс адамға тиесілі болса, онда сөйлесуді аяқтау керек. Сандарды өзіңіз теріп, өзіңіз қоңырау шалған дұрыс.
Егер сол нөмірден қайта қоңырау түссе, қоңырауды өшіріп тастау керек. Егер қоңырау шалушылар өздерін банктердің, полицияның, басқа мекемелердің қызметкерлері болып таныстырса және шұғыл түрде әр түрлі әрекеттерді жасауды сұраса, олардың нұсқауларын орындамаңыз. Балалар сізге, ересектерге осындай қоңыраулар туралы айтуды әдетке айналдырсын.
Офлайн тұзақтар
Алаяқтар жазғы демалыс кезінде көптеген балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалғанда, коммуналдық қызметтер мен басқа ұйымдардың қызметкерлері болып өздерін таныстырып пәтерлерді аралауы мүмкін. Олар су немесе газ есептеуішінің көрсеткіштерін тексерген болып келеді, алайда шын мәнінде жағдайды байқайды: пәтерде кімнің тұратынын, онда не бар екенін және басқа да нәрселерді бақылайды. Нәтижесінде мұндай «тексерулердің» барлығы пәтерді тонаумен аяқталуы мүмкін.
Кеңес: бәрімізге бала кезімізде айтылған, жартылай ұмытылып қалған қауіпсіздік ережелерін еске түсіру керек: бейтаныс адамдарға есік ашпау, арнайы киімдері мен формаларына қарамастан олармен сөйлеспеу, ата-аналарға бәрін айтып беру.
Егер бала қандай да бір себептермен үйде жалғыз қалса, онда ол ата-анасының, басқа туыстарының, көршілерінің, «102» қызметінің, сондай-ақ учаскелік инспектордың жұмыс және ұялы телефондарын білуі керек.
Алаяқтар балаларды қорқытудың қандай амалдарын қолданады?
1. «Жоқ» деп айтуға қорқу. Кейбір балалар бейтаныс адамдардың өтініштерін орындаудан бас тартуға қорқады, себебі бас тартатын болса өздерін әдепсіз әрі дөрекі деп есептейді. Сондықтан олар алаяқтардың нұсқаулықтарын орындауға келісулері мүмкін.
2. Жақындарынан айрылып қалудан қорқу. Балалар өздерінің жақын адамы туралы жаман хабар естіген уақытта туындайды. Бала сасқалақтайды және айтқан тілді алатын болады.
3. Мүмкіндікті жіберіп алудан және ақшадан айрылып қалудан қорқу. Бұл жерде қорқыныштан бөлек тез арада байып кету ниеті де бар. Сондықтан балаға оның жүлде алатынына кепілдік бере отырып, ұтыс ойынына қатысу туралы ұсыныс жасалған уақытта, бала келісуі мүмкін.
Балаларыңыз сізге әрдайым арқа сүйей алатындарын және сіздің оларға ұрыспайтыныңыз туралы білулері керек. Сіздер бір-бірлеріңізге сенулеріңіз керек. Бұл – ең басты нәрсе!