Келісімді жүзеге асыру үшін көлік инфрақұрылымына қомақты инвестиция қажет.
ERNUR.KZ. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мәжілісмендер энергетика саласындағы екі елдің Үкіметтері арасындағы негіздемелік келісімді ратификациялады, деп жазады 24.kz.
Жалпы Өзбекстан жылына 5 миллион тоннаға дейін қара алтын импорттауды көздеп отыр. Оның ішінде Қазақстаннан 2 млн тонна қалған 3 млн тоннаны Ресейден сатып алуға мүдделі. Бозымбаевтың айтуынша, келісімді жүзеге асыру үшін көлік инфрақұрылымына қомақты инвестиция қажет. Жоба сәтті жүзеге асса, республиканың оңтүстігін күзгі-қысқы кезеңде табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
- Төртінші мұнай зауытын салуға әлі уақыт келген жоқ. Егер осы зауытты салсақ үлгіріп, кейін сұраныс болмаса біз оны не істейміз? Кредитті кім төлейді? Қазір төртінші зауытты салуға мүмкіндік жоқ. Керек емес. Бірақ, бұл мәселені әр жылы көру керек.