Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды

0
614

Президент құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.


Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында Абу Даби қаласындағы «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1971 жылдан бері соғыста немесе қызмет бабында қаза болған сарбаздарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, дипломаттар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтарына арнап соғылған, атауы – «Намыс оазисі» деген мағына беретін кешенді аралап көрді. Құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

Президент мемориал кешеніндегі Құрметті қонақтар қолтаңба қалдыратын кітапқа «Сын сағатында қаһармандық танытқан саңлақтар мемориалы болашақ ұрпаққа бейбіт өмірдің құндылығын дәріптейді. Өз Отанының мүддесі жолында қасиетті борышын өтеп, құрбан болған перзенттер рухына тағзым етемін. Бауырлас Әмірліктер халқына құт-береке мен мол ырыс тілеймін», – деген тілегін қалдырды.