​Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

0
906

Бұл тұрғыда ол 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетіне жаңғырту және техникалық түгел жарақтандыру жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді.


​Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

ERNUR.KZ. 2022 жылға қарай Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасын дамытудағы басымдықтардың бірі - жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылатынын атап айтты. Осыған байланысты жүк транзитінің еркіндігін, көлік дәліздерін құруды және жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы Қазақстан учаскесіндегі өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымдарын дамыту қажет. Қазіргі бар инфрақұрылым өсіп жатқан ағынды біркелкі және жедел өткізуге мүмкіндік бермейді», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Осы орайда ол мысал ретінде Қазақстан-Өзбекстан шекарасында туындаған ахуалды атап өтті. Қазақстан тарапындағы өткізу бекеттерінің алдында күн сайын тәулігіне 40-тан 70-ке дейін автокөлік құралдары жиналып қалуда, тасымалдаушылар кезекте 1 тәулікке дейін тұруға мәжбүр.

«Өткізу мүмкіндігін ұлғайту үшін Қаржы министрлігі «Эталондық өткізу пункті» тұжырымдамасын әзірледі. Осы тұжырымдамаға сәйкес, қазақстандық өткізу пункттеріндегі қозғалыс ағынын (қозғалыс бағыттары қиылыспайтындай) міндетті түрде ажыратып бөле отырып, орналастыру жоспарлануда. Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалуы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатын болады», - деді Ә. Смайылов.

Бұл тұрғыда ол 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетіне жаңғырту және техникалық түгел жарақтандыру жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Жобаның іске асырылуын осы жылдың соңында бастауды және 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық периметрі бойынша өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ тауарлардың барлық өту циклын автоматтандыру, кедендік әкімшілендіру деңгейін көтеруге, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл сыртқы экономикалық қатысушылардың қаржы шығындарына және елдің рейтингісіне оң әсер етеді», - деді Әлихан Смайылов.