Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров келді, деп жазады stan.kz.
Кездесу барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар сайты.
Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді.
ҚР СІМ Ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтуде және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.