Бұл жобаны қаржыландыру мемлекет есебінен жүргізілмейді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда бүкіл әлемге танымал WhatsApp және Telegram мессенджерлерімен бәсекелесетін ішкі жүйе құрылады. Бұл туралы сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп жазады altaynews.kz.
Осы орайды журналистер вице-министрге «қытайлық WeChat-пен ұқсас жабық интернет-жүйесі құрыла ма?» деген сұрақ қойды.
Оспанов мемлекет жабық жүйені әзірлеумен айналыспайтынын, алайда осындай жобалармен жұмыс істеуге мүдделі жеке компаниялар бар екенін атап өтті.
"Мемлекет өзінің жеке WeChat-ын жасамайды. Бірақ мен WhatsApp, Telegram мессенжерлерімен күресуге арналған ішкі жүйені құрумен айналысатын бірнеше компанияның өкілдермін кездестім. Біз бұл жүйені жасаймыз. Бірақ ол толығымен жеке ойыншы болады" – деді вице-министр.
Сондай-ақ Аблайхан Оспанов бұл жобаны қаржыландыру мемлекет есебінен жүргізілмейтінін атап өтті.