Қазақстан жерінде «Мұз жанартау» пайда болды - шетелдік БАҚ

0
2 700

Қытайлық БАҚ-тардың назарын аударған ерекше көрініс Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында орналасқан.​


Қазақстан жерінде «Мұз жанартау» пайда болды - шетелдік БАҚ

ERNUR.KZ. Қазақстан жерінде табиғаттың кереметі «Мұз жанартау» жұрттың тамсана тамашалайтын орнына айналды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мұз жанартау» пайда болғаны туралы Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR) хабарлаған.


«Бұл негізі жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы. Осы су қыс мезгіліне қарай ернеуі биіктеп қатып, 14 метрге дейін көтеріліп, ортасы қуыс мұз төбешікке айналады. Сол төбесіндегі тесіктен шыққан су буы жанартаудан атқылаған түтінге ұқсайды. Бұл таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындар мен алыс-жақыннан туристер жиі келетін болған», - деп жазады CNR.




Айта кетейік, қытайлық БАҚ-тардың назарын аударған бұл ерекше көрініс Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында орналасқан.