Қазақстан жол сапасы жөніндегі рейтингте аутсайдерлер қатарында

0
1 436

Еліміз автомобиль жолдарының сапасы бойынша 140 елдің ішінде 106-орында.


Қазақстан жол сапасы жөніндегі рейтингте аутсайдерлер қатарында

ERNUR.KZ. Қазақстан жол сапасы жөнінен рейтингте аутсайдер елдері қатарында тұр. Бұл туралы бүгін автомобиль жолдары саласындағы проблемаларына арналған жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп жазады baq.kz.

"2018 жылдың қорытындысына сәйкес, автомобиль жолдарының сапасы бойынша 140 елдің ішінде 106-орында қалып қойдық. Осындай аутсайдерлік позицияда болуымызға белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлық та себеп болып отыр. Соңғы үш жарым жылда жол құрылысы саласында 100-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кестік. "ҚазАвтоЖол", "ҚазАвтоДор", жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Облжолзертxаналар" базасында құрылған жол активтерінің сапа орталығының лауазымды тұлғалары әшкерленді"- дейді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, жол құрылысы саласындағы жемқорлық негізінен келісімшарттарға қол қою үшін пара берумен, заңсыз кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаумен және әкімшілік шаралар қолданбаумен байланысты. Сондай-ақ бұл қатарға мемлекеттік сатып алулар барысында ақша қаражаттарын ұрлауда кіреді.

Одан бөлек, жиын барысында сыбайлас жемқорлық үшін бұрын сотталған адамдарды басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға тағайындау фактілеріне жол берілгені айтылды, нақты мысалдар келтірілді.