Қазақстанда 11 органның басшысы қызметінен қуылуы мүмкін

0
814

Соттың айыптау шешімі шықса – бәрі кетеді.


Қазақстанда 11 органның басшысы қызметінен қуылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жақын арада Қазақстандағы 11 саяси басшы отставкаға кетуі мүмкін, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов, деп жазады zakon.kz.

"Мен бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың отставкаға кетуі институтын енгізу және олардың тәртіптік жауапкершілігі туралы айтқым келеді. Жүргізіліп жатқан қылмыстық істерді ескере отырып, жақын уақытта, әрине, соттың айыптау шешімі болған жағдайда, 11 мемлекеттік саяси басшы отставкаға кетеді", - деді Жақсымбетов.

Бірінші тоқсанды қорытындылай келе, ол жалпы алғанда 417 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Олардың 11-і республикалық деңгейдегі, 37-і облыстық, 35-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар.

"Орталық мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдардың көпшілігі немесе 57% Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері (70 адам жауапқа тартылды). Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылар қатарында Экология министрлігі бар, біз жемкорлық қылмысы бойынша 10 адамды анықтадық. Одан кейін ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктерінен 9 адамнан ұсталды, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен – 8 қызметкер. Жергілікті атқарушы органдар арасында жемқорлық қылмыстарының жиілігі жағынан бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдіктері көзге түсті", - деп толықтырды Агенттіктің департамент бастығы.