Қазақстанда 120 спорт түріне қаржы бөлу тоқтайды – министр

0
277

Депутат Ерлан Саиров Қазақстанда 180 спорт түрі тіркелгенін айтып, олардың бір бөлігінің Қазақстан азаматтары үшін белгісіз екенін атап өтті.


Қазақстанда 120 спорт түріне қаржы бөлу тоқтайды – министр

ERNUR.KZ. Мәжіліс отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізде тіркелген 180 спорт түрінің 60 түрі ғана басымдықпен қаржыландырылатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Депутат Ерлан Саиров Қазақстанда 180 спорт түрі тіркелгенін айтып, олардың бір бөлігінің Қазақстан азаматтары үшін белгісіз екенін атап өтті.

"Қазақстанда 180 спорт түрі тіркелген. Мысалы, биатлон, триатлон, петанк, унифайт. Бұл спорт түрлерін халық танымайды. Оларды тіркеудің және қаржыландырудың маңызы қанша? Ұлыбританияда 15, Германияда 17 спорт түрі тіркелген, олар бюджеттен қаржыландырылады. Ал Қазақстанда 180 спорт түрі қаржыландырылып отыр. Мұны қалай түсіндіруге болады? Бұл қандай кеңпейілдік?" – деп сұрады депутат.

Министр Ербол Мырзабосынов бұл мәселенің спорт саласындағы проблемалардың бірі екенін растады.

"180 спорт түрінің ішінен біз осы заң жобасы аясында басым спорт түрлерін анықтап жатырмыз. Бұл 60 спорт түрі – ұлттық спорт түрлері мен Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиялық ойындарға кіретін 45 спорт түрі. Біз оларды басым спорт түрлері ретінде бекітеміз", – деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар ол болашақта қаржыландыру үшін басым спорт түрлері медальдарды ұтып алу көрсеткіштері бойынша анықталатынын айтты.

"Олар республикалық және жергілікті деңгейде басымдықпен қаржыландырылады. Спортты қаржыландыру мәселелері соңғы рет Париж Олимпиадасынан кейін ерекше назарға алынды", – деді спорт министрі.