Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүктелген негізгі міндеттерді орындаудың бағыттары айтылды.
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүктелген негізгі міндеттерді орындаудың бағыттары айтылды. Отырысқа орталық мемлекеттік орган басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, «Бәйтерек» ҰБХ өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің индустриалды-инновациялық мәселелер жөніндегі орынбасарлары, Министрлікке бағынысты аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өсті.
«Негізінен өндіріс көлемінің өсімі металлургия (+5,9%), азық-түлік өндірісі (+4,1%), мұнай өңдеу (+5,0%), химия өнеркәсібі (+7,2%), фармацевтика (+41,8%), жеңіл өнеркәсіп (+7,3%), машинажасау (+5,6%), құрылыс материалдары өндірісі (+ 3,7%) есебінен артып отыр. 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 10,3%-ға өсті (22,3 мың АҚШ долл./адам).2017 жылдың 11 айында өңделген өнім экспорты 22,1%-ға артып, 14 млрд. АҚШ долларын құрады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция 4,7%-ға өсті (981,6 млрд. теңге)»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.
дереккөз: mid.gov.kz