mid.gov.kz. Тұрғын үйді уақытылы іске қосу мақсатында, өңірлерге жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін 77,3 млрд. теңге мемлекеттік инвестиция бөлінді.
фото: mid.gov.kz.
Ауқымды тұрғын үй құрылысы құрылыс индустриясының дамуына және отандық құрылыс материалдары өндірісінің өсіміне мультипликативтік әсер берді.
Бұл туралы министрліктң алқа мәжілісінде Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өсіп, 440 млрд. теңгеден астам соманы құрады.
«11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Бұл өткен жылдың рекордтық көрсеткіші. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда, 6,2%-ға артық. Жылдық жоспарға орай жалпы тұрғын үйлерді пайдалануға беру 111%-ға орындалды (жоспар 10,1 млн. шаршы метр). Тұрғын үйлерді тапсыру бойынша алдыңғы қатарда Астана (2,4 млн. шаршы метр) және Алматы (1,9 млн. шаршы метр) қалалары, Маңғыстау (833 мың шаршы метр) және Ақтөбе (792,3 мың шаршы метр) облыстары тұр», - деп атап өтті вице-министр.
Тұрғын үйді уақытылы іске қосу мақсатында өңірлерге жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін 77,3 млрд. теңге мемлекеттік инвестиция бөлінді. Көппәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына 3,6 мың км-ден астам желілер тартылды, 70 мыңнан астам жеке тұрғын үйлерге арналған жер учаскелері желілермен қамтамасыз етілді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке банктерді тартып, оларды ынталандыру үшін халықтың ипотекаларын және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері іске асырылып жатыр. Бұл тетіктер оң әсер етті және жеке банктердің кредит беруін 24,7%-ға (73 млрд. теңгеден 91 млрд. теңгеге дейін) арттыруға мүмкіндік берді.
дереккөз: mid.gov.kz.