Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

0
1 517

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі


Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Волонтер жылын жариялау туралы

Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.