Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен – 42 мың теңге.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келер жылы зейнетақы мөлшері шамамен қанша болатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен – 42 мың теңге. Болжам бойынша, келесі жылдан бастап индекстеу 44 мыңға жуық болады. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері бүгінде шамамен – 152 мың, ең көбі 197 мың теңге болады. Индекстеуге сәйкес, барлық көрсеткіш көтеріледі", – деді ол.