Қазақстанда 7 банк картамен бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынып отыр

0
570

Еліміздегі 21 банктің ішінде мұндай қызметті 7 банк ұсынады.


Қазақстанда 7 банк картамен бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынып отыр

ERNUR.KZ. Отандық нарықтағы танымал карточкалық өнімдердің бірі – бөліп төлеуге арналған карталар. Еліміздегі 21 банктің ішінде мұндай қызметті 7 банк ұсынады, деп жазады inbusiness.kz.

Altyn Bank серіктестік желілерге қосылмай әрі комиссиясыз бөліп төлеуді ұсынады. Бүкіл әлем бойынша оның картасы арқылы сатып алған тауардың бағасын 6 айға бөліп төлеуге болады.

Банк ЦентрКредит пен Halyk Bank серіктестік желілерден тыс сатып алулар кезінде айына 1% комиссия ұстайды.

Тағы екі банк серіктестер желісінен тыс бөліп төлеу картасын екінші деңгейлі банктердің несиелік карталарының барлық комиссиясымен несие картасы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Home Credit Bank пен SmartCard картасы бойынша Еуразиялық Банк. Еуразиялық банктің PayDa! картасы бойынша ай сайынғы шығындарға комиссия алынады: 200 мың теңгеге дейінгі сомаға сатып алу кезінде айына 2000 тг, 200 мың теңгеден асатын болса – 5000 тг.

Серіктестік желілерде аталмыш банктердің бәрі де комиссиясыз бөліп төлеу шарттарын ұсынады.

Kaspi Bank өз картасы бойынша тек серіктестер желілерінде ғана 3 айға дейінгі комиссиясыз бөліп төлеуді ұсынады. ForteBank-тың ресми сайтында мерзімі мен комиссиялары бойынша мәліметтер жоқ.

Бөліп төлеу карталары бойынша ең жоғары несиелік лимитті Банк ЦентрКредит (7 млн теңгеге дейін) және AltynBank (5 млн теңгеге дейін) ұсынады. Halyk Bank, Еуразиялық Банк және ForteBank 3 млн теңгеге дейінгі лимитті, Home Credit Bank – 2 млн теңгеге дейін, Kaspi Bank 150 мың теңгеге дейін лимитті ұсынады.

Бөліп төлеу картасынан несие қаражатын алу мүмкіндігі 5 банкте қолжетімді – Altyn Bank, Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank, Еуразиялық Банк және ForteBank.

Барлық банк (Halyk Bank-тен басқа) бөліп төлеу карталары бойынша ақысыз қызметті ұсынады. Бұл қызмет түрін екінші жыл қолданған кезден бастап 6990 тг көлемінде жылдық қызмет ақысы алынады.

Биыл несие карталарының саны жылдық динамикада төмендеген болатын. Қазан айының қорытындысына сәйкес, елімізде 3,85 млн белсенді несие картасы болса, өткен жылғы көрсеткіш 3,99 млн-ды құраған.