Қазақстанда 9 мың медицина қызметкері жетіспейді

0
688

Елге 4 200 орта санаттағы медицина қызметкері қажет.


Қазақстанда 9 мың медицина қызметкері жетіспейді

ERNUR.KZ. Қазақстанда әртүрлі сала бойынша 9 мыңға жуық медицина қызметкері жетпейді. Денсаулық сақтау министрлігі кадрлық есеп жүргізген, деп жазады tengrinews.kz.

Елге 4 200 орта санаттағы медицина қызметкері қажет. Дәрігерлердің тапшылығы біршама жоғары – 4,5 мың маман. Терапевт және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған 400 бос орны бар.

Одан кейін акушер-гинекологтар, реаниматологтар және рентгенолог дәрігерлер тұр. Сонымен қатар министрлік медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтты.

Мамандар Алматыда, Атырау және Жамбыл облыстарында, сонымен бірге Астанада жылдам табылатын көрінеді.