Қазақстанда әлемдегі ең ірі "жасыл" сутегі өндірісі іске қосылады

0
701

Қазақ даласының үштен бір бөлігі бос жатыр, бұл аймақ Пәкістаннан үлкен.


Қазақстанда әлемдегі ең ірі

ERNUR.KZ. Германиялық Svevind компаниясы жыл сайын Қазақстан аумағында шамамен 45 гигаватт жел мен күн энергиясы көмегімен ірі «жасыл» сутегін өндіру жобасы туралы жоспарларын жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл жоба қазіргі уақытта жоспарланып жатқан немесе жүзеге асырылып жатқан басқа жобаларды ауқымы тұрғысынан толығымен ығыстырады дейді сайт. Ол Австралияның қоршаған ортаны қорғау министрі «мүлдем орынсыз» деп есептейтін Азиялық жаңартылатын энергия хабының (Asian Renewable Energy Hub) өндірістік қуатынан екі есе артық болады және Бразилиядағы Enegix Base One жобасынан бес есе көп өнім шығарады деп болжануда. Қазір әлемдегі ең үлкен «жасыл» сутегі зауыты – Канададағы Air Liquide нысанының электролиздеу қуаты 20 МВт болса, Svevind компаниясының жобасы 30 ГВт-тық электролиздеу қуаты бар жобаны іске қосуды жоспарлауда.

Неміс концерні жобасының жүзеге асуы қазіргі кезде өзінің алғашқы кезеңінде. Svevind мамыр айында Қазақстан үкіметін өзінің жоспарымен таныстырғаннан кейін «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен меморандумға қол қойды. Жалпы жоспар құру, сатып алу және қаржыландыру кезеңдері шамамен 3-5 жылға созылады деп күтілуде, ал құрылыс пен жобаны іске қосу кезеңдері шамамен бес жылға созылуы мүмкін. Сонымен қатар, екі тараптың кездесуі барысында Еуропалық Одақ елдерінің сутегі экономикасына көшуі аясында сутегі өндірісінің болашағы зор екені және маңызды бағыт екені айтылды. Жақын арада электр энергетикасында, автомобиль және теміржол көлігінде ғана емес, қара металлургияда, мұнай химиясы мен авиацияда да экологиялық таза сутегі технологияларына қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Сонымен, неміс компаниясы неліктен Қазақстанға көз салды? New Atlas Қазақстанның мұхитқа тікелей шыға алмайтын Орта Азиядағы алпауыт екенін еске салды. Бұған қоса, елдің бір шаршы километрге жеті адамнан ғана келетін, әлемдегі аумағы бойынша тоғызыншы және халқы ең аз қоныстанған 18-ші ел екенін айтады.

«Қазақ даласының үштен бір бөлігі бос жатыр, бұл аймақ Пәкістаннан үлкен. Бұл экономикасы негізінен мұнай мен шикі мұнайдың экспортына тәуелді Орталық Азиядағы ең дамыған ел», - дейді басылым.

Қазақстан – климаты желді ел болмаса да, жаңартылатын энергияны өндіру үшін бос кеңістігі өте көп, орналасқан жері Азияға немесе Еуропаға экспорттауға өте қолайлы. Сонымен қатар, сутекке сұранысты арттыратын жергілікті аммиак, болат және алюминий өндірістері бар.

«Сонымен қатар, қазіргі кезде қазба отынының экспортына тәуелді кез-келген ел бұндай жобаларды алдын-ала жоспарлауы керек, өйткені әлем елдері алдағы бірнеше онжылдықта көміртегіден арылуға ниетті», - деп қорытындылады басылым.