Осы уақытқа дейін аккредиттеуді растайтын негізгі құжат қағаз түрінде ғана ресімделетін.
ERNUR.KZ. Алғашқы электрондық аккредиттеу аттестаттың иесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" РМК филиалының Сынақ зертханасы, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл Ұлттық аккредиттеу орталығымен e-TРMК жүйесінде бағалаудың барлық кезеңдерін толығымен автоматты түрде өткен аккредиттеу субъектісіне берген алғашқы аккредиттеу аттестаты.
Электрондық аккредиттеуді енгізу Қазақстан Республикасындағы сәйкестікті бағалау саласындағы маңызды оқиға болып табылады. Осы тәсілдің арқасында аккредиттеудің жоғары дәрежелі бейтараптығы мен объективтілігі қамтамасыз етіледі, адам факторының бағалау процесіне әсер етуіне байланысты тәуекелдер азаяды, аккредиттеуге қатысушылар үшін уақыт пен басқа ресурстар үнемделеді.
Қазіргі уақытта e-TРMК жүйесінде электрондық аккредиттеуден өту үшін бастапқы аккредиттеуден өтуге 7 өтініш, қайта аккредиттеуге 26 өтініш, оның ішінде Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан 24 өтініш, аккредиттеу материалдарын жаңартуға 11 өтініш өңделуде.