Қазақстанда "Алтын белгіге" қойылатын талаптар күшейтіледі

0
594

Министр бұл мәселе келесі жылдан басталатынын айтты.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең-кезеңімен қайта қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер. Былтыр бұл мәселені көтердік (қатаңдату туралы. - ескерт.), өзгерістер енгіздік. Биыл екінші кезең. Онда талапкерлер тек жылдың соңында ғана емес, сонымен қатар әр тоқсанда 5-11-сыныпқа дейін бес болуы керек. Мұндай талап енгізіліп жатыр, менің ойымша, бұл маңызды талап", - деді министр.