Қазақстанда апаттық жағдайдағы су қоймалары бар - министрлік

0
652

Елімізде 10 ірі су қоймасы бар.


Қазақстанда апаттық жағдайдағы су қоймалары бар - министрлік

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларын су басу қаупі бар. Сол себепті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері айтты, деп жазады stan.kz.

“Елімізде 10 ірі су қоймасы бар. Бүгінгі таңда барлық гидротехникалық құрылғылар, соның ішінде су қоймалары тексерістен өтті. Апаттық жағдайда Шығыс Қазақстан облысындағы екі су қоймасы транзиттік режимге қойылды. Ол су қоймаларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан су тасқынын апатсыз өткізу мақсатында су жинамай, транзиттік режимге қойылды”,- деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин.

Ал, су қоймаларындағы қауіп наурыз айында белгілі болады.

“Су басу қаупі қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында. Бірақ қазір нақты ақпарат айту қиын. Себебі негізгі болжам наурыз айында айтылады. Наурызға дейін қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп, бақылауға алынып отыр. Судың көлеміне сәйкес су қоймаларында бос су сыйымдылықтары ұйымдастырылады”, - деді Ғалидолла Азидуллин.

Вице-министрдің сөзінше, синоптиктер наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамды апта сайын ұсынады.